«Бірлік» партиясы сайлауға дайын - С. Сұлтанғали
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Бірлік» саяси партиясының мүшелері партия төрағасы С.Сұлтанғали бас болып, Республикалық сайлауалды штабта ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау науқанының қорытындысы бойынша брифинг өткізді, онда сайлау науқанындағы үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен хабарлады.