ҚР ОСК саяси партияларға заңда кепілдік берілген БАҚ-қа тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз етті - Қ.Тұрғанқұлов
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларға заңда кепілдік берілген БАҚ-қа тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз ете алды. Бүгін Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Ұлықбек Абдусаломовпен кездескен ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов осылай деді.