Алматылықтар «Қара жорға» биін аюлардың орындауында тамашалай алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үстіміздегі жылы 12 наурыз бен 10 сәуір аралығында Қазақ мемлекеттік циркінде «Мен Мәскеуді аралап жүрмін» атты цирктік қойылым болады. Оған Мәскеудегі Вернадский даңғылы бойындағы Үлкен Мәскеу циркінің үздік әртістері қатыспақ.