Қазақ күресі: ел чемпионатында қызылордалық палуандар бірінші орынды иеленді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Екібастұз қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында кызылордалық палуандар жалпы командалық есепте 1-орынды (2 алтын, 2 күміс, 3 қола) жеңіп алды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.