ru24.pro
Новости по-русски
Март
2016

Эксклюзив: Қазақ халқы құнды мата өнімдерін шығарып пайдалана білген

0

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқандықтан жүннен мата тоқуды жақсы меңгерген. Олар тазартылған жүнді ұршықпен иіріп, өрмек көмегімен мата тоқыған. Сол уақыттарда ауқатты адамдар киетін шекпенді тігуге қолданылатын жүн маталардың денін қазақтар өндірген. Көршілес халықтар жүн маталарды, шекпендерді қазақтардан сатып не басқа өнімге ауыстырып алып отырған. Ал, халық өздерінде жоқ маталарды сауда- саттықпен Ресей, Қытай, Бұқар, Парсы, Үндістан, Ыстанбұл т.б. жақтардан әкеліп пайдаланған.