7 наурызда елімізде жел күшейеді, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың батыс және солтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман байқалады және жел күшейеді, деп болжайды Қазгидромет.