Алматы облысында 117 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында тұратын 117 анаға 8 Наурыз мерекесі қарсаңында Президенттің Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» берілді. Олардың арасында Талдықорғаннан Майра Бақтыбаева, Талғар ауданынан Айтбала Тасыбаева, сарқандық Нұргүл Мамбетбаева, Райымбек ауданының тұрғыны Гүлзат Қоңырбаева мен Еңбекшіқазақ ауданынан Кәмшат Дәулетбаева Халықаралық әйелдер күні қарсаңындағы салтанатты қабылдауда марапаттарын облыс әкімі Амандық Баталовтың қолынан алды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.