Алматы облысындағы «Үштөбе - Айдын» ЖШС сүт тағамдарының 12 түрін шығарады (ФОТО)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Облыс әкімі баспасөз қызметі тарапынан ұйымдастырылған Қаратал ауданындағы пресс-турда журналистер агроөнеркәсіптік кешен нысандарына да атбасын бұрып, Үштөбе қаласындағы «Үштөбе - Айдын» ЖШС-ның сүт және сүт тағамдарын өндіру жұмысымен танысты. Кәсіпорын тәулігіне 15 тонна дайын өнімдер шығарып отыр. Әзірге сүт тағамдарының 12 түрін шығаратын зауыт алдағы уақытта тәтті айран мен балқытылған ірімшік шығаруды да көздеп отыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.