2015 жылдың қорытындысы бойынша «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ең үздік деп танылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рейтингіне сәйкес 2015 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ең үздік деп танылды, деп хабарлады ҚР Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметінен.