Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық біліммен қамтамасыз ету- бүгінгі күннің талабы.Егер баланың ұрлыққа қатысы бар екенін сезген жағдайда, ата-аналар қандай шара қолдануы қажет?
Ұстаздар ықпалымен мектеп пен отбасы ынтымақтастығын құру, ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіру бүгінгі күнде қоғам қажеттігінен туындап отырған көкейісті мәселе.
Барлық тәрбие шәкіртке ата-ана, оқу орны, өзін қоршаған орта арқылы беріледі.Ата-ана тек баланы асыраушы ғана емес , оны болашақта ата-ана болуға әрі үйретуші.Сондықтан ата-аналарға арналған педагогикалық-психологиялық ағарту жүйесінің болуы шарт.
Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағартуға назар аудару қажет (консультациялар, дәрістер, мини - лекциялар, жадынамар ұсыну) Осының барлығы ата-аналардың балалармен олардың кез - келген жасында тұрақты тығыз психиологиялық байланыста болуына ықпал етеді, бұл тәрбиеге әмбебап талап болып табылады. Атап айтқанда, балалардың ата - анамен жақындығын сезіну балаларға ата - ана махаббатын, үйірлігі мен қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді.
