ФРЖ американдықтардың үштен бірінің кедейленгенін ескертті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдықтардың үштен біріне жуығы, 31 пайызы (76 миллионға тарта адам) қаржылық қиыншылыққа тап болған немесе тапқаны қапқанына жетпей отыр. АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі осындай баға берді, деп хабарлады Rambler News Service.
