Бундестагта Германияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатыны туралы келісімге қол қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев Германияға сапары аясында Бундестаг депутаттарымен, қоғамдық-саяси, экономикалық іскер орта өкілдерімен, қазақстандық студенттермен кездесті. Сонымен қатар, комиссар Қазақстанның Елшілігі және неміс депутаты Юрген Климке бірлесе ұйымдастырған «ЭКСПО-2017» қарсаңында Қазақстанда экономика мен туризмді дамыту» атты роуд-шоуға қатысты. Онда Р.Жошыбаев аудиторияны «ЭКСПО» көрмесіне дайындық жұмыстарымен таныстырып, Қазақстанның экономикалық және туризмді дамыту реформалары туралы әңгіме өрбітті.
