ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ұлытау облысының танымал спортшылары дауыс берді

0

Елімізде өтіп жатқан маңызды саяси науқанға Ұлытау облысының атын республикалық және халықаралық жарыстарда абыроймен танытып жүрген танымал спортшылар да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.

Сайлау учаскесіне келген спортшылар қатарында жауынгерлік самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы Алшынбек Абылайхан, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Асыл Барменов, қазақ күресінен Азия чемпионы Нұртілек Қаракесеков, екі дүркін әлем чемпионы Айдос Ғалымов, жауынгерлік самбодан әлем және Азия чемпионы Дінмұханбет Дінисламов, сондай-ақ байдарка және каноэде есуден және бокстан жоғары жетістіктерге жетіп жүрген жас спортшылар Глеб Ударцев және Владислав Саможонов бар.

Өңір намысын ел ішінде ғана емес, халықаралық ареналарда да қорғап жүрген спортшылар бұл жолы жарыс алаңында емес, сайлау учаскесінде бас қосты. Күнделікті жаттығу, жарыс және спорттық дайындыққа толы өмір салтына қарамастан, олар маңызды қоғамдық - саяси оқиғадан шет қалмай, азаматтық борыштарын орындады.

Спортшы үшін әрбір жарыс – үлкен жауапкершілік. Өйткені ол жарыс алаңына шыққанда тек жеке жеңісі үшін емес, елінің, туған жерінің намысы үшін күреседі. Жеңіске жету жолында тәртіп, табандылық, төзімділік және жауапкершілік сияқты қасиеттер ерекше маңызға ие.

Осы қасиеттер спортшылардың азаматтық ұстанымынан да көрініс табады. Ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысып, өз дауыстарын беру арқылы олар қоғам мен ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Жарыс алаңында – Ұлытау облысының намысы үшін, ал ел өміріндегі маңызды сәтте – ортақ болашақ үшін!