ru24.pro
World News in Kazakh
Август
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Дастан Сәтбаев алғаш рет “Бернли“ сапында матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енді

0
Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сатпаев алғаш рет "Бернли" сапында матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енді. Қазақстандық футболшы "Вест Бромвичке" қарсы кездесуді қосалқы құрамда бастайды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Чемпионшиптің 2-турындағы ойын Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
"Бернлидің" "Вест Бромвичке" қарсы матчтегі құрамы
Вейс (Қ), Уолкер, Аллейн, Хамфрис, Бруун-Ларсен, Эдвардс, Рэмзи, Сонне, Броя, Межбри, Лорент.Қазақстандық Дастан Сәтбаев қосалқы құрамда орын алды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы


Еске салсақ, Сәтбаев шілденің ортасында Лондонға ауысқан болатын. Вингер "Челси" сапында Аустралия мен Азиядағы турне кезінде бірнеше жолдастық кездесу өткізіп, дебюттік матчінде алаңға шыққаннан кейін 6 минуттан соң гол соғып үлгерді.
Алайда клуб басшылығы қазақстандықты Англияның екінші дивизионы - Чемпионшипте өнер көрсететін "Бернлиге" жалға беру туралы шешім қабылдады. Футболшының өзі Чемпионшиптегі тәжірибе оны одан әрі шыңдай түседі деп есептейді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы