Алматыда соңғы бес күн ішінде «ОҢАЙ» картасы арқылы 140 млн. теңгеге жуық ақша төленді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, барлық қоғамдық көліктерде жол ақысы «ОҢАЙ» электронды картасы арқылы төленіп жатыр. Осылайша, соңғы бес күн ішінде қоғамдық көліктерде 139 257 500 теңгеге 2 204 007 транзакция жасалды. Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.
