ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2026

Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі – қоғам дамуына кедергі

0
     Қазіргі таңда Қазақстан қоғамында ең өзекті әлеуметтік проблемалардың бірі – жұмыссыздық. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жұмыссыздық деңгейі ресми мәліметте 4,6 % шамасында, яғни шамамен 450 000 адам тұрақты жұмыспен қамтылмаған. Бұл көрсеткіш сырт көзге төмендей көрінгенімен, нақты жағдай бұдан әлдеқайда күрделі. Еңбекке қабілетті 11,5 миллион адамның 5,2 миллионы ресми тіркелмеген жұмыспен айналысады немесе мүлде жұмыс істемейді. Бұл – көлеңкелі еңбек нарығының кең тарағанын, көптеген азаматтың тұрақты әлеуметтік қорғанысы жоқ екенін білдіреді. Жұмыссыздық, әсіресе, жастар арасында қатты сезіледі. 2025 жылғы статистикаға қарағанда жастар арасындағы жұмыссыздық шамамен 3 % болса да, 25–28 жас аралығындағы азаматтар арасында ол 40 %-ға...