ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Жетісу облысында алаяқтық схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды

0

Жетісу облысында дроп-схемаларға қатысы бар күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Киберполиция қызметкерлері азаматты банктік шоттар ашуға мәжбүрледі деген күдікпен 19-22 жас аралығындағы үш жігітті ұстаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер өзара келісіп әрекет еткен және жәбірленушіге психологиялық қысым көрсеткен. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

"Құқық қорғау органдары ескертеді: дроп-схемаларға қатысу және банк деректерін үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту және қысым көрсету әрекеттерінің барлығы заң аясында қатаң түрде тоқтатылады", - деп ескертті ІІМ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!