Жаңа Конституция жобасы таныстырылды
Жұма, 30 қаңтарда конституциялық комиссия отырысында жаңа Конституция жобасы таныстырылды. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмахановтың айтуынша, ол кіріспе, 11 бөлім жәге 95 баптан тұрады.
Айтуынша, жобада Қазақстан Республикасының қызметінің жаңа негіз құраушы қағидаттары бекітілген.
“Конституциялық құрылыстың негіздері деген бірінші бөлімде мемлекеттің ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды. Оған сәйкес Қазақстан унитарлы мемлекет. Басқару нысаны – президенттік республика....Еліміздің әкімшілік аумақтық құрылысын жәй заңнмен емес, конституциялық заңмен айқындау ұсынылады. Егемендік пен тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық, респуликаның басқару нысаны ешқашан өзгемейтін құндылықтар қатарына жатқызылды” деді.
Бір күн бұрынғы отырыс кезінде Конституцияға жаңадан 77 бап енгізілетіні, яғни 84 пайызға өзгеретіні айтылған еді. Осыдан кейін мүлде жаңа Конституция қабылданатыны айтыла бастады.
Қазақстанның қазіргі қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы қабылданған. Бірақ бұл құжат бірнеше рет өзгерген.
Биыл ақпанның басында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда конституциялық реформа жариялап, бұл өзгерістерді талқылау үшін конституциялық комиссия құрған. Биліктің қазіргі ұсыныстарына сай, Қазақстанда бір палаталы парламент болып, вице-президент лауазымы бекітіледі. Бұған қоса, Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы ассамблеясы тарап, оның орнына 126 адамнан тұратын Халық кеңесі құрылады. Кеңестің 126 мүшесін президент өзі тағайындамақ.
