ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Жас ұрпаққа құқықтық сауаттылықты қалыптастыру

0

Жуалы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен Жуалы ауданында орналасқан №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп гимназиясында «Болашақ прокурор кеңістігі» прокурорлық бұрышы салтанатты түрде ашылды.

Жоба мектеп оқушыларына бағытталған және заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, патриотизм және саналы құқықтық мінез-құлықты қалыптастыруға арналған.

Іс-шараға аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылхан Еркінұлы, аудандық Білім бөлімінің өкілдері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Жұмашев қатысты.

Жоба аясында оқушылар үшін алдағы уақытта прокуратура органдарының қызметкерлерімен тұрақты кездесулер, тақырыптық дәрістер және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастырылатын болады.

Сообщение Жас ұрпаққа құқықтық сауаттылықты қалыптастыру появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.