ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Кентау тұрғыны екі қызға қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді

0

Желіде 45 жастағы тұрғын "өзінің екі өгей қызын 6 және 8 жаста болған кезінде бірнеше рет зорлаған деген күдікке ілінгені" туралы ақапарат тарады. Оқиға Кентауда болған. Жағдайға өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желідегі ақпарат
Telegram-арналардың бірінде жантүршігерлік ақпарат жарияланды.

"Кейбір дереккөздер мәліметінше, Түркістан облысы Кентаудың 45 жастағы тұрғыны бес жыл бойы 6 және 8 жастағы екі өгей қызын бірнеше рет зорлады деген күдікпен қамауға алынған", - делінген хабарлама мәтінінде.

Полиция жауабы
Баспасөз қызметі мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсанда екі кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекеттер дерегі бойынша полицияға арыз түскен.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша еліміздің заңнамасына сәйкес шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтіні нақтыланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!