ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Шымкентте жол-көлік оқиғасы төбелеске ұласып, 40 жастағы тұрғын қаза тапты

0

Шымкентте жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласып, салдарынан 40 жастағы тұрғын қаза тапты. Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Оқиғаға қатысушылар өзара сөзге келіп, екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған.
Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.

"Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шымкент Полиция департаменті күдікті тұлғалардың жүрген жерін анықтау және оларды ұстау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларына департаменттің барлық күш-құралдары жұмылдырылды", - деп хабарлады қала полициясы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!