ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жаркентте әйел өз баласын аяусыз соққыға жыққан: видео

0

Жаркентте жаға ұстатар жайт болды. Әйел өз баласын аяусыз ұрып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода әйелдің шамамен 3–4 жастағы баланы сабап жатқаны көрінеді. Ол баланы теуіп, қолынан жұлқылап, бұрап, басы мен арқасынан бірнеше рет ұрған. Жазба сипаттамасында ананың өз баласын батареяға байлап, ұрып-соққаны, сол сәтте пәтерде тағы үш баланың болғаны айтылған. Ал әкесі жағдайға араласпай, оқиғаны телефонға түсіріп отырған.

Жетісу облыстық білім басқармасы мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Баланың анасы полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы толық анықталғанша балалар Отбасын қолдау орталығына орналастырылды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Жетісу облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Чарапиевтің айтуынша, ұсталған әйелдің жасы - 28-де. Қамқоршылық органдарына ата-ана құқығынан айыру жөнінде ұсыныс жолданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!