ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Кавказ.Реалии: Адам Қадыров жол апатына ұшырап, ауруханаға түсті

0

Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыров жол апатына ұшырап, Грозныйдағы ауруханаға жеткізілді деп хабарлады екі дереккөз және оппозициялық әлеуметтік желі топтарына сүйенген Кавказ.Реалии сайты.

Дереккөздің бірінің айтуынша, Қадыров жатқан ауруханаға баратын жол жабылған.

NIYSO шешен оппозициялық қозғалысының мәліметі бойынша, Адам Қадыровтың кортежі «бір көліктен екінші көлікті басып озып, жылдам жүріп келе жатып, кенеттен кедергіге тап болған».

«Соның салдарынан көліктер соқтығысып, зардап шеккендер аз еместігі жөнінде ақпарат түсіп жатыр, осының бәрін Адам туындатып отыр» деп жазылған телеграм-арна хабарламасында.

Осыған дейін телеграм-арна Қадыровтың ауыр хәлде екенін хабарлаған еді. NIYSO өкілі Кавказ.Реалии басылымына әртүрлі дереккөздерден ақпарат алғанын, Адам Қадыровтың хәлі жөнінде нақты ақпараты жоғын айтты.