Жылқының өсімі. Қымыздың пайдасы
Жылқы – қазақ халқы үшін ежелден қасиетті әрі аса қадірлі түлік. Ол тек көлік немесе еңбек күші ғана емес, ұлттың тұрмыс-тіршілігімен, денсаулығымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Бүгінде де жылқының маңызы төмендеген жоқ, керісінше, оның экономикалық әрі медициналық құндылығы жаңа қырынан танылып отыр.
Соңғы ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда жылқы саны 4,7 миллион басқа жеткен. Бұл көрсеткіш елімізде жылқы шаруашылығының тұрақты дамып келе жатқанын және аталмыш түліктің ауыл шаруашылығындағы орнын айқын көрсетеді. Сонымен қатар соңғы жылдары құлын алу көрсеткіші де айтарлықтай артқан. Бұл – мал басын көбейтуге бағытталған шаруалардың еңбегі мен сұраныстың өскенінің белгісі. Жылқы өнімдерінің ішінде қымыздың орны ерекше....
