Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім ер клиенттермен психологиялық жұмыс
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – қазіргі қоғамдағы өзектілігін жоғалтпай отырған күрделі әлеуметтік-психологиялық мәселе. Отбасындағы агрессия ең алдымен әйелдер мен балалардың қауіпсіздігіне әсер етсе, ұзақ мерзімде қоғамның тұрақтылығына да теріс ықпал етеді. Әсіресе ер адамдар тарапынан жасалатын зорлық, олардың эмоцияны бақылаудағы қиындықтары, тұлғалық дағдарыстары және стереотиптік түсініктермен байланысты болады. Сондықтан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім ер клиенттермен психологиялық жұмыс жүргізу – мамандардың кәсіби даярлығын, терең білімін және жүйелі тәсілдерді талап ететін аса маңызды бағыт.
Ер адамдардың агрессияға бейімділігі түрлі факторлардан туындауы мүмкін. Олардың ішінде балалық шақта бастан кешкен психологиялық жарақаттар, ата-аналар арасындағы зорлыққа куә болу, эмоционалдық ересектікке жетпеу, өзін-өзі бағалаудың тұрақсыздығы, ішкі қорқыныштар мен күйзеліс,...
