Ана тілі
Ана тілі – әрбір ұлттың баға жетпес байлығы, рухани қазынасы. Ол – ата-бабадан қалған аманат. Ұрпақты ұлт ретінде қалыптастыратын, мәдениеті мен дәстүрін сақтап, дамытатын негізгі құрал. Ана тілі – ұлттың жүрегі, жаны, өзегі. Яғни, ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Ол арқылы адам қоршаған ортаны танып, өзін-өзі түсініп, ұлттық болмысты игере біледі.
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!» Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар ұрпаққа ұлттық құндылықтарды жеткізетін маңызды құрал. Ана тілімізді қастерлеп, құрметтеу, оны сақтау мен дамыту – әр қазақ баласының парызы. Ана тілінде қазақ балалары білім...