Жастар және ішімдік: болашаққа балта шабу ма?
Қазіргі таңда жастар арасында ішімдік ішу қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Кешкі уақытта көшеде, дәмханаларда немесе тіпті көліктердің ішінде мас күйінде жүрген жастарды жиі кездестіреміз. Бұрын мұндай көрініс таңсық болса, қазір көз үйренген. Бірақ бұл – қоғам үшін ең қауіпті дабылдың бірі.
Өз көзіммен көрген оқиға
Бір күні әкеммен бірге такси қызметін атқарып жүрген едік. Кеш бата үш жолаушы тоқтатты: бір ұл мен екі қыз. Ұл сау, сыпайы, ал қыздардың екеуі ішімдік ішіп алған. Бастапқыда бәрі қалыпты көрінді, бірақ көлік қозғалған соң, қыздардың бірі орындықта тік отыра алмай, күлкіге басты. Жолдың жартысына жеткенде, мен ыңғайсызданып, әкеме «түсе тұрайын» деп сұрадым....