ru24.pro
World News in Kazakh
Февраль
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28

Өртенген банк

0
Атақты режиссер Станиславский бірде оқушыларына тапсырма беріпті.

— Сендердің ақшаларың сақтаулы «Император банкі» өртеніп жатыр, соны этюд қылып көрсетіңдер.



Содан студенттердің бірі ойбайлап, бірі шелекпен су тасып, бірі шашын жұлып жатыр, тағы бірі талып құлап жатқан образдарды көрсетеді. Тек Василий Иванович Качалов қана бір аяғын екінші аяғының үстіне қойып жайбарақат отырған көрінеді. Станиславский айқайлап: — Качалов! Сен неге көрініске қатыспай отырсың?

— Қатысып отырмын, Константн Сергеевич.

— Онда неге банк өртеніп жатқанда жайбарақат отырсың?

— Менің Император банкінде ақшам жоқ есесіне несием бар, — деген екен.