Жұмыссыздық пен кедейлік – қоғамның өзекті мәселесі
Бүгінде жұмыссыздық пен кедейлік көптеген елдерде маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе тек экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік және психологиялық қиындықтарға да әкеледі. Қазақстанда да жұмыссыздық деңгейінің өсуі мен кедейшілік халықтың өмір сапасына тікелей әсер етуде.
Жұмыссыздықтың пайда болуына түрлі факторлар әсер етеді.
Біріншіден, экономикалық тұрақсыздық пен дағдарыстар кейбір кәсіпорындардың жабылуына әкеліп, жұмыс орындарының азаюына себеп болады. Нәтежесінде көптеген адамдар табысынан айырылады.
Екіншіден, жаңа технологиялардың дамуы кейбір мамандықтарға сұранысты азайтып, адамдарды басқа салаларға бейімделуге мәжбүрлейді.
Үшіншіден, жоғары оқу бітірген жастар тәжірбиесі жоқ болғандықтан жұмыс табуға қиналады. Өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған...