Тұлғалық мінез-құлық туралы білесіз бе?
MBTI(Myers-Briggs Type Indicator)- бұл адамның тұлғалық түрін анықтауға арналған психологиялық тест. Тестті американдық Изабель Бриггс Майерс пен оның анасы Кэтрин Бриггс швейцарлық психолог Карл Юнгтың еңбегіне сүйеніп жасап шығарған. Mbti тесті өзіне-өзі есеп беру әдістемесі бойынша жүргізіледі, тестке қатысушы арнайы сауалнама толтырады және сұрақтарға нұсқа таңдау арқылы жауап береді. Бұрындары тестті тек қағаз арқылы тапсыруға болатын, кейіннен ғаламтор арқылы өтуге де мүмкіндік пайда болды. Майерс-Бриггс типологиясы ғылыми негіздеменің жеткіліксіздігі мен әртүрлі менталитеттерге бейімделуінің болмауына қарамастан өте танымал, алайда ғалымдар арасында әртүрлі сынға ұшыраған. АҚШ-та мектеп бітірушілердің шамамен 70 пайызы болашақ мамандығын таңдау үшін Mbti тестін тапсырады. Жалпы жыл сайын бұл...