Қазақ әдебиетін оқытуда эссе жазу дағдыларын қалыптастыру
Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
"Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ" КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Турмаханбетова Ғалия Калдыбаевна
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың сындарлы ойлауын қалыптастыру ерекше маңызды. Бұл тұрғыда эссе жазу дағдыларын меңгерту – қазақ әдебиеті сабағында оқушыларды өз пікірін дәлелді әрі логикалық түрде жеткізуге үйретудің тиімді әдісі. Эссе жазу, әсіресе, әдеби шығармаларды түсіну мен талдауда оқушының танымдық деңгейін арттырып, оның жеке көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі. Қазақ әдебиетін оқытуда эссе жазу дағдыларын қалыптастыру – бұл тек әдебиет пәнін оқытудың бір бөлігі ғана емес, жалпы білім беру жүйесінің маңызды компоненті болып табылады. Осы мақалада қазақ...