Жаңа технологияларды қолдану арқылы бастауыш сыныпта білім беру сапасын арттыру
Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
"Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Бакишева Жамал Ташкенбаевна
Білім беру жүйесі қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады. Әр кезеңде жаңа білім беру әдістері мен технологиялар енгізіледі, бұл процесс қазіргі таңда өте қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі заманғы білім беру технологиялары оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда, оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Бастауыш сыныпта білім беру сапасын арттыру мақсатында жаңа технологияларды қолдану — бұл тек қана оқушылардың білім деңгейін көтеру емес, сонымен қатар олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, қызығушылықтарының артуына, ынталарының жоғары болуына да септігін тигізеді.
Жаңа технологиялар және...