Ұлттық құрамадағы дағдарыс: Бапкер кінәлі ме?”
Неліктен біз соңғы кезде жеңістің дәмін сезінбей, жеңілістен көз ашпай жүрміз? Бұған әсер ететін
көптеген фактор бар, соның басты себебі — қазіргі таңда жанкүйерлер арасында сынға ұшыраған Станислав Саламұлы Черчесовтың бапкерлік қызметі.
Бұл маман 2024 жылдың 3 маусымында Ұлттар лигасының іріктеу кезеңі басталар алдында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Черчесов мырза басшылығымен біздің құрама B тобына түсіп, Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен бақ сынасты. Алайда 6 ойынның қорытындысы бойынша 5 рет жеңіліп, тек 1 тең нәтиже көрсетті.Сонымен қатар, 15 гол жіберіп, бірде-бір гол соға алмадық. Нәтижесінде, топтың соңғы орнынан көріндік.
Черчесов мырзаның жылдық жалақысы 1,2 миллион еуроны құрайды. Мұндай жоғары жалақы алып, төмен...