ru24.pro
World News in Kazakh
Январь
2025

Мектептерде ұлттық киімге ақша жинау заңды ма

0
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде ұлттық киім кию бастамалары туралы пікір білдірді.



Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында Астанадағы № 60 мектептің ата-аналары әкімшілік жұма күндері кию үшін балаларға ұлттық киім алуға мәжбүрлеп жатқаны туралы шағымдар түскен айтылды. Журналист сұрағына жауап берген министр бұл ерікті түрде, ұжым болып қабылдаған шешім екенін айтады.

— «Біртұтас тәрбие» атты тәрбие жұмыстарының аясында білім беру ұйымдарында ата-аналар комитетінің шешімімен шешім қабылданады. Ол туралы маған да ақпарат беріліп отырады. Мен ондай шешімнің ерікті түрде жасырын ниетсіз-ақ қабылданғанына көз жеткізу үшін ата-аналармен кездестім. Алайда бұл министрлік бұйрығымен қабылданған заңға қайшы болмау керек, — деді Ғани Бейсембаев....