ru24.pro
World News in Kazakh
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Түнгі ұйқы тыныш болу үшін не істеу керек?

0
Негізінен, ұйқыға ертерек жатуға дағдыланған жөн. Ағзаны бір мезгілде ұйықтауға үйрету — денсаулыққа өте пайдалы. Бұрын ұйқыға ерте жатпасаңыз, оған үйрену алғашқыда қиынға соғуы мүмкін. Бұған қапаланбаңыз.



Ұйқыға ерте жату үшін мына ақыл-кеңестерді орындауға тырысыңыз: ұйықтар алдында теледидарды көрмеңіз. Әсіресе, жаңалықтарды тыңдамаңыз. Теледидар бағдарламасы, оның ішінде кейбір тосын, жағымсыз жаңалықтар адам миын әртүрлі мәселелерге толтырып, мазасын алады, ойға батырады. Ондай жағдайда ұйықтап кету оңайға түспейді. Сол себепті, ұйықтар алдында қуанышты, көңілді ойларға берілгеніңіз дұрыс.

Жатын, яғни, ұйықтар бөлме қараңғы болсын. Өйткені, көздің қабақтары жұқа келетіндіктен, ұйықтап жатқан көз мимен бірге терезеден түскен жарыққа да, теледидар сәулелеріне де, электронды оятқыш сағаттың...