Қасқыр қақпан
«Қасқыр қақпан» ежелгі халық ойындарының бірі. Ойын жазық көгалды алаңда, мектеп аулысында, спорт, мәдениет үйлерінің кең залдарында өткізіледі. Ойнаушылар ойын болатын жерге жиылады да, екі топқа бөлінеді. Үлкен тобы — «қақпан», кіші тобы — «қасқырлар». Ойынға басқарушы тағайындалады. Басқарушы ойнаушылардың арасынан дауысы ашық, тақпақты жақсы білетін біреуіне бастауды міндеттейді, қалғандары оған қосылады.
«Қасқыр түссе қақпанға.Ұстамасқа бола ма.Қол ұстасып тұрайық,
Біздің қақпан болаттай.Қасқырды тұр жолатпай,Қасқыр, қасқыр, келіп көр,Қақпан, қақпан берік бол».
Ойынға қатынасушылар әбден бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп, шеңбер құрып тұрып болғанша:
«Кәне, кәне, тұрайық —Қасқырқақпан құрайық» —
деген өлең жолдарын қайталап айта береді. Содан...