ru24.pro
World News in Kazakh
Ноябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Орамал тастау

0

Ойын көгалдарда, үлкен бөлмелерде өткізіледі. Ойынға екі бүктеліп есілген орамал керек. Той-думанға, кешке келгендердің бәрі қатыса алады. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын да соғұрлым қызықты өтеді.

Ойын ережесі

Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де арасы 10 адымдай белгіленген екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қа» – деп дауыстайды, ол қағып алып «ғаз» – дейді, болмаса «ла» – дейді. Сонда «қағаз», «қала», тағы басқа сөздер шығады. Айтылатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы: «са» - деп дауыстаса – «садақ», «сақа», «сабын», «сарын»...