ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қуаныш

0

Роза биыл ғана мектеп табалдырығын аттады. Бір күні сабақтан келсе, үстел үстінде күнтізбенің жыртылған беті жатыр. Есіне түсе кетті. Бұл күн — анасының туған күні. Сондықтан анасы жұмыстан келгенше сыйлық әзірлеуді ойлайды.

«Не сыйлауға болады?» деген ой мазалай берді. Әрі ойлап, бері ойлап, кітап пен айна алуға тоқтағанда, ақшасы жоқ екені есіне түсті.
Енді не істеу керек? Ол соны ойлай жүріп, үй ішін жинады. Заттарды айнадай етіп, ысқылап сүртті.

Шаршаған Роза диванға жатып еді, лезде ұйықтап кетті. Ұйықтап жатып, түс көрді. Түсінде ол анасына бар сырын ақтарды. Өзінің ақша таба алмай қынжылғанын, үйдің ішін ретке келтіргенін айтты. Ойына келгенді бүккен...