ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024

Қамаудағы достар

0

Айдын деген баланың елден ерекше сүйікті достары болыпты. Олар бір біріне соншалықты адал екен. Сөйтіп баланың достары бір жерде тату-тәтті өмір сүріп жатыпты. Жалығып еріге бастағанда, есікке қарап, елеңдеп қалысады екен.

Айдын кіріп келсе болғаны бәрі шетінен:

— Мен!.. Мен!..

— Менің барғым келеді, — деп жамырап қоя береді. Бала болса достарын көшеге бір-бірлеп қана шақырып, әрқайсысын жеке-жеке ойнататын көрінеді. Оның бұл мінезіне достарының да еті әбден үйрене бастайды.

Бір күні Айдын достары жатқан жерге жоламай, мүлде жоғалып кетіпті. Баланың осы түсініксіз қылығын әрқайсысы әр саққа жүгіртіпті. Достарын әбден сағындырып, бір күні Айдын да келіпті. Сол-ақ екен, бәрі шетінен шулап...