ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024

Қорқақ

0

Мына сәтсіздікті қараңыз, өзінен әлдеқайда үлкен деп жүрген қара бала Едикпен сыныптас болып шықты. Ана боймен, ана денемен он жаста деп оны кім ойлаған? Сол біреудің бөлек оқығаны әбден-ақ жақсы болатын еді. Амал нешік…

Қара бала шүу дегеннен-ақ, мінез көрсетті. Едик екінші қатарға келіп отырып жатыр еді, ол:

— Бұл сенің орның емес… қорқақтардың орны анау, — деп ең соңғы партаны нұсқады.

Балалар түгел жалт қарасты.

Едик өзін онша қорқақ баламын деп санамайтын. Жолдастары да оны ойлағанын ірікпей айтып салатын, бетті бала деп есептейтін… Ал оның түнде далаға жалғыз шығуға жүрегі дауаламайтынын, ит көрсе, безіп беретінін жолдастары сезе бермейтін. Мұнысын...