ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Бопай ханым

0

Үстірттің батыс мүйісінен, ақ борлы кемерінен айналып, шығыстағы көз жетпес қиыры ұзыннан-ұзын далиып жатқан кең ойпаңға қарай бет алған Сүйіндік ауылының көші көлеңке ұзарып, Күн төбеден ауған шақта шағын төбенің етегіндегі тепсеңге келіп аял жасады, түйелер шөгерілді…

Аптаға жуық ұзақ жүрістен зеріге бастаған Бәтима бұл мезгілде көштің ал­ды­на түсіп әжептәуір жер ұзап кеткен еді. Күзде тай кезінде жуасытылып, жаз шы­ғар-шықпастан жүгенделген, әлі тарпаңдау күрең қасқа құнаншығарына дұрыстап бас білдіру сылтауымен әрлі-берлі ойқастай шапқылаған ерке қарындасының қасынан күнұзағына ұзамаған Мырзатай көш аялдар тұста одан бөлініп қалып қойды.

Далиған жазықтың жусанды тегіс қат­қы­лына тұяғы тиген жарау құнан тізгінді босатқасын көсіліп сала берді....