ru24.pro
World News in Kazakh
Сентябрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жидебайдың жидесі

0

Аңыз-әңгіме

Бір кезде осы сылаң қаққан сұлу Сырдың бойында бақайын суға батырып, балбырап көк құрақ, үкілі сырнайын сыңсыта тартып сұлу сары қамыс қана өседі екен. Кейінірек сулы Сырды сағалап сәмбі тал, үйеңкі, тораңғы да өсетін болыпты. Ал осы күнгі сұлу Сырдың көк бұйра ішігіндей екі жиегін алып жатқан көп жиде кейінірек келіп қоныстанған. «Бұрынғы қонақты соңғы қонақ қуады» дегендей, көк жиде кейін келсе де, қанатын кең жайып, тез молайып, өсіп кетіпті. Өйткені көк жиде қоныс таңдамайды. Қай жерге дәні түссе, сол жерге қорбиып, көк бұйра бөркін киіп шыға келеді. Өсіп, тамырын жайып, буынын қатырып бекіп алған соң, тікенегі тікірейіп, оншамұнша...