ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Молда мен серке

0

Бір күні Айжарықтың үйіне қаба сақалды бір молда келіп қоныпты. Ас жеп болған соң молда әндетіп, Құран оқи бастапты. Құран оқып отырғанда молданың бетіне қарап отырып, кеңкілдеп, жылап қоя беріпті. Құран оқып болған соң молда Айжарықтан сұрапты:

— Айеке, Құран әуезіне бойыңыз балқып, жылаған шығарсыз? — депті.

Айжарық көзінің жасын сүртіп отырып, айтыпты:

— Жоқ, молдеке. Анау күні бір серкем өлді. Жануар сақалы селк-селк етіп, ылғи қойды бастап жүруші еді. Сіздің желкілдеген қаба сақалыңызды көрген соң сол серкем есіме түсті, соған жыладым, — депті.