ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Алпыс сиырлы молда

0

Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады.

Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айтып, зарланып отырады.

— Егер де бір кім ерсе,
Молдаға бір сиыр берсе,
Алла тағала ол кімсанаға алпыс сиыр нәсіп етер, — деп, бүгін де, ертең де жігітке естіріп соғады да қояды. Жігіт ойлайды: осы молда шын айтатын болар, бұған бұл бір сиырды берейін, Алла маған алпыс сиыр берсе, бір күнде байып кетпеймін бе?...