ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ

0

Бұрынғы уақытта тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ болыпты. Тоңқылдақтың тоғызының тоғыз танасы, тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) һәрқайсысы өзінің бір-бір танасын бақтырып жүреді екен. Бір күні Қиқылдақтың етігі жыртылып қалыпты. Қиқылдақ танасын Тоңқылдақтарға қосып жіберіпті. Тоңқылдақтар бір күн бағады, екі күн бағады. Бір күні Тоңқылдақтар ақылдасып, Қиқылдақты құртамыз деп, бірігіп алып, Қиқылдақтың танасын бәрі жабылып, батпаққа тығып кетеді.

Кешкітұрым ауылына барса, нашар Қиқылдақ сорлының танасы жоқ. Қиқылдақ жүгіріп келіп, Тоңқылдақтардан сұраса, Тоңқылдақтар:

— Сенің танаңды бағып, біз саған малай ма едік? Бақпағаннан кейін батпаққа тығып кеттік, — дейді.

Қиқылдақ[тың] Тоңқылдаққа күші...