ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Батыр мен бала

0

Ертеде бір батыр жорыққа аттанып келе жатыр екен. Көз ұшынан бір қара көрінеді. Таяп келсе, әлгі бір астында қара тайы бар бала екен. Баладан батыр жөн сұрағанда: «Серік болатын жолдас іздеп жүрмін», — дейді.

Батыр:

— Саған мен серік боламын, — дейді. Екеуі жолдас болып, келе жатады. Баланың қолындағы қамшысы өте жақсы екен, батыр әлгі қамшыны балаға лайық көрмей, өзі алғысы келіп, батыр алудың қисынын білмей, астындағы арғымағына сеніп: «Балам, қамшымызды бәйгеге тігіп жарысайық. Қай озғанымыз пәлен жерден тосып алайық» — дейді. Бала: «Жарайды», — дейді де, екеуі жарысып кетеді. Батыр жарысып келе жатып артына қараса, артында бала көрінбейді. «Апырай,...