Бөген батыр
Күндерде күн өткенде,
Күн мәріне жеткенде,
Ақборық буаз болады
Туарманға жақындап.
Бұл ноғайлы ханының қыздары — Қанікей, Тінікей: «Бөген кәпірден қыз алды» деп қастық ойлап, Ақборыққа күндес болады, егерде бала тапса, оған залал келтірмекші болып, мыстан кемпірге сөйлесіп қояды.
Бөген батырдың әйеліне «құтты болсын айтамыз» — деп, Қырымның қырық батыры келеді. Әлденеше күн қонақ болғаннан кейін, қайтуларына таянғанда, қырық батыр былай дейді: «Бөген батыр, Еділ-Жайық бойында ит салып, құс жүгіртелік, бізбен бірге жүр», — дейді, батырлардың көңілдерін қимай, Бөген еріп кетеді.
Бұл батырларды сұрасаң
Сүйініштің ұлы Тоған бар
Ал, оңайын десең, соған бар!Қырымнан шыққан Тарғын бар
Жау келсе, жалғыз...