ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Елеңке батыр

0
Елеңке деген батыр қалмақтармен соғыс кезінде сарбаздарының бәрі майданда қырылып, жалғыз өзі ғана қалыпты. Қашып құтылуға шамасы келсе де, жаудан қашу, шегіну дегенді өлімнен жаман көретін батыр: «Әлім біткенше соғысайын» — деген оймен соғыса беріпті. Қалмақтың қол бастаған ханы Елеңкенің батырлығын бұрыннан естиді екен. Осы соғыста оның орасан ерлігін өз көзімен көріп, «Тұтқынға тірі алыңдар!» — деп бұйрық беріпті. Самсаған қалың жау қойсын ба, батырды ауыр жаралап қансыратып, әлсіретіп ұстапты. Ханның жарлығы бойынша емдеткізіп, күтіп, тез арада жараларынан сауықтырып, «тұқым алайық» деп, Елеңкенің қойнына күніне бір сұлу қыз салыпты. Елеңке «менен қалған тұқым ержеткен соң, ертең еліме жау болып шаппай...