ru24.pro
World News in Kazakh
Июль
2024

Тазшаның хан болуы

0

Ерте кезде хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болған. Бұл қырық уәзір хан не айтса, соны орындап отыратын еді. Бір күні хан шалқасынан жатып, өзінің ордасында өз-өзінен «тап» деді. Қырық уәзір тегіс жиналған болатын. Бұлар да жаман састы. «Не деп?» сұрай да алмады, ханнан қорыққанынан «қазір, қазір», — дей беріпті.

Хан:

— Егер таппаған күнде жарық көрейін деп, үміт етпеңдер, тез табу жағын көздеңдер, — деп, әмір берді.

Қырық уәзір жиналып: «Қой, қарап өлмейік, іздеп көрейік», — деп, атқа мініп, тұс-тұс жақтан іздеуге әрекетке кірісті. Барлық түсінгені сол — хан шалқасынан жатқанда айтты, ат жетер жерді тегіс аралады, ешбір «білемін» деген...