ru24.pro
World News in Kazakh
Июнь
2024

«Қазақ Ұлттық университетінің жетістіктері»

0

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздің алдыңғы қатарлы, жетекші университеттерінің бірі. Іргетасы 1934 жылы құрылған, 90 жылға жуық тарихы бар университет аудиториясында есімі елге танымал Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов секілді ғалым-академиктердің лекция оқығанын мақтанышпен айта аламыз. 1991 жылы оқу орны адамзаттың екінші ұстазы атанған, Аристотельден кейінгі ұлы ойшыл Әбу Насыр әл Фараби есімін иеленіп, 2001 жылы еліміздің алғашқы «ұлттық» университеті мәртебесін алды. 2003 жылы Қазақ Ұлттық Университеті Орталық Азия жоғары оқу орындары арасынан алғашқы болып Болонья қаласындағы Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою арқылы еуропалық білім беру кеңістігіне кірді. 2006 жылы білім берудегі сапа саласындағы жетістіктері үшін ҚР Президенті сыйлығының...